III ойындар Әзербайжан астанасында болады. Бұл туралы Беларусь Республикасының спорт және туризм министрінің бірінші орынбасары Александр Дорохович мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz www.interfax.kz порталына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, бұл шешім ТМД елдері кеңесінің отырысында дауыс беру арқылы қабылданған.
"13 тамыз күні "Минск-Аренада" өтетін салтанатты жабылу рәсімінде біз эстафетаны салтанатты түрде тапсырып, III ойындарына дайындаламыз", - деді Александр Дорохович.
ТМД елдерінің II ойындары Беларусияда осы жылдың 4-14 тамызында өтеді. Оған қатысуға 23 елдің 2 мыңнан астам спортшысы ниет білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу