ТМД қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесіне қатысты құжат қабылданды

630

Сенаттың жалпы отырысында "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ТМД қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесіне қатысты құжат қабылданды

Былтыр 29 мамырда жасалған келісім қарулы күштерді басқару жүйесінде және қарулы күштер арасында талап етілетін байланыс қызметін ұсынуды, ақпарат алмасуды, ТМД форматында құрылған әскери саладағы өзара іс-қимылдың біріккен жүйелерінің қызметін үйлестіруді, байланысқа, ортақ пайдаланылатын ұлттық байланыс желілері мен арнайы мақсаттағы байланыс желілеріне қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуді көздейді. 

"Өкілетті орган өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес, бірлескен байланыс жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында өзінің байланыс желісі ресурсын пайдалана алады", – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов.

Ал Сенатор Нұржан Нұрсипатов келісім Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан қатысушысы болып саналатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейтінін мәлімдеді. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу