ТМД елдерінде ең көп бір реттік сыйақы Қазақстан ардагерлеріне берілген. Currenttime.tv осындай ақпарат таратып отыр.
Жалпы сараптамаға сүйенсек, Қазақстанда бір қаһарманға 1570 доллардан үлестіріліпті. Екінші орын – Әзербайжан. Мұнда 600 доллардан берілген. Ал Ресей мен Украинада небәрі 170 доллар шамасында. Астана қаласының әкімдігі биыл бір реттік сыйақыны еселеуді ұйғарған.
Сөйтіп, 121 қартқа 500 мың теңгеден тарту етілген. Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға 100 мың, ал тыл ардагерлеріне 20 мың теңгеден тағайындалыпты. Сондай-ақ, өзге де тауар түріндегі әлеуметтік көмектер берілген.
Автор: Арай Сүгірбай
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу