ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

208

​Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады Фото: akorda.kz

Түрікменстан павильонында мемлекеттер басшыларының назарына жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен кілемдері қойылған көрме ұсынылды. Сонымен қатар әдеби-сазды "Оғыздар" ("Огузлар") қойылымы көрсетілді.

Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірқатар тақырыптық алаңнан тұрады.

Мемлекеттер басшыларына ТМД-ға мүше елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысы таныстырылды.

Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен "Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат" атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу