ТМД-ның алты азаматына Қазақстан шекарасынан өтуге тыйым салынды

1010

Өткен тәулікте Павлодар облысындағы шекарадан 700 адам өтті, оның 305-і жаяу және 395-і жүк көлігінің жүргізушісі.  

  ТМД-ның алты азаматына Қазақстан шекарасынан өтуге тыйым салынды

ТМД-ның алты азаматына Павлодар облысындағы Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтуге тыйым салынды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы Ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Павлодар облысының аумағындағы 4 бақылау бекеттерінде адамдардың қозғалысын бақылау жалғасуда. Өткен тәулікте шекарадан 700 адам өтті, оның 305-і жаяу және 395-і жүк көлігінің жүргізушісі. 6 адам карантиндік стационарға  орналастырылған. 

"Соңғы бір тәулік ішінде COVID-19-дың расталған жағдайлары тіркелмеген. Алайда ТМД-ның алты азаматына ПТР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасыз келгеніне байланысты елге кіруіне тыйым салынды. Олардың екеуі - Қырғызстан, төртеуі - Ресей Федерациясының азаматтары. Шектеу шаралары енгізілген уақыттан бастап Павлодар облысына 77 724 адам келген. Анықтамасыз келген 2475 Қазақстан Республикасының азаматтары карантиндік стационарларға ПТР тексеруден өту мақсатында орналастырылған", - деп жазылған ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия таратқан шұғыл ресми ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу