ТМД-ның санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлармен күрес туралы келісім жобасы мақұлданды

813

ТМД мемлекеттерінің санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісім жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Достастықтың Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі. 

ТМД-ның санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлармен күрес туралы келісім жобасы мақұлданды

"Сарапшылар Молдова Республикасы мен Қазақстан Республикасынан келісім жобасына келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды қарады. Өткізілген талқылауды ескере отырып, отырысқа қатысушылар құжат жобасын пысықтап, көпшілік дауыспен келісті. Ол мемлекетішілік келісу үшін жіберіледі, ал осы рәсім аяқталғаннан кейін белгіленген тәртіппен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің қарауына енгізіледі", – делінген хабарламада.

Құжатты талқылауға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

"Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім достастық кеңістігінде санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға мониторинг жүргізу және ден қою жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Құжат ТМД мемлекеттеріне ТЖ жою бойынша, оның ішінде Достастықтың басқа елдерінің эпидемияға қарсы мобильді құралымдарын тарту арқылы көмек көрсету тәртібін регламенттейді. Сондай-ақ, келісімде ТМД елдерінің аумақтарында эпидемияға қарсы мобильді құрылымдардың негізгі жұмыс бағыттары мен пайдалану шарттары айқындалады", – деп түсіндірді ТМД Атқару комитеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу