ТМД ойындары бір жылға шегерілді

617

Пандемияның әлемде жалғасуына байланысты ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдаған.   

ТМД ойындары бір жылға шегерілді

ТМД елдері арасында алғаш рет өтеді деп жоспарланған ТМД ойындары 2020 жылдан 2021 жылға шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

ТМД ойындары бастапқыда Ресейдің Қазан қаласында 20-27 тамыз күндері өтеді деп жоспрарланған болатын. Алайда, ойындар коронавирус пандемиясына байланысты қыркүйекке ауыстырылған еді. 

Аталған ойынға 14-тен 23 жасқа дейінгі спортшылар 21 спорт түрінен 284 жүлде жиынтығын сарапқа салады делінген. Ұйымдастырушылардың болжауынша, 11 елден, атап айтқанда, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікістан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украинадан 3500-ге жуық спортшы қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу