ТМД жекелеген елдеріндегі шекараның шегенделмеуі өңірдегі тұрақсыздыққа әкелуде

485

ТМД жекелеген елдері арасындағы шекараның шегенделмеуі тұрақсыздыққа әкеліп отыр.  

ТМД жекелеген елдеріндегі шекараның шегенделмеуі өңірдегі тұрақсыздыққа әкелуде

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Ресей" саммитінде сөйлеген сөзінде айтты, жазады inbusiness.kz.

"Әлемдік тарихтың қазіргі қиын кезеңінде біз үшін болашақтың айқын бейнесінің болуы бұрынғыдан да маңызды. Біздің одан әрі қарайғы ынтымақтастығымыз туралы көзқарасымды келесі негізгі бағыттар бойынша ұсынғым келеді. Біріншісі – қауіпсіздік мәселесі. Біздің елдерімізге тағдырдың өзі бірге болуды белгілеп қойған. Біз ортақ тарихымызды сақтап, халықтарымыздың әл-ауқаты үшін біртұтас болашақ құруымыз қажет. Мемлекеттеріміздің әрқайсысындағы тұрақтылық пен қауіпсіздік аймақтың дамуына тікелей әсер етеді", деді ол.

Президенттің айтуынша, тұрақсыздандырушы фактордың біріне өңірдің жекелеген елдері арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі жатады.

"Шекара мәселесін шешу ғасырлар бойғы достық, сенім және тату көршілік рухында, сонымен қатар халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау рухында бейбіт жолмен өтуі тиіс", деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды сақтаудың маңыздылығына да тоқталды.

"Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына, энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды қолға алуға ерекше назар аудару қажет. Бұл ретте сауда кедергілерін жою және протекционистік шараларға жол бермеу маңызды", – деді ол.

Президент өңіршілік сауда-саттықты дамытуға бағытталған күш-жігерді жандандыруға, бұл бағытта тауар айналымының құрылымын жақсартып, оның номенклатурасын кеңейтуге мән беру керектігін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу