Тоқаев: Қазақстан барлық елдің аумақтық тұтастығын сөзсіз қолдайды

771

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде сөйлеген сөзінде бірқатар маңызды мәселеге тоқталды.  

Тоқаев: Қазақстан барлық елдің аумақтық тұтастығын сөзсіз қолдайды Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның Жарғысын қатаң сақтауды қажет деп есептейді, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан барлық елдің территориялық тұтастығын біржолата қолдайды және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң сақтауды қажет деп есептейді. Бұл – еліміздің негізгі мүддесіне толығымен сай келетін қажетті қағидат. Сондықтан бұл қағидатқа басымдық ретінде баса назар аударамыз", - деп атап өтті Президент.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы ұйымның қызметін БАҚ арқылы белсенді түрде дәріптеу мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, бұл жұмысты ұйымға мүше елдердегі ақпарат құралдары мен белгілі халықаралық агенттіктер аясында жүргізуге болады.

"Шындығын айтсақ, жаһан жұртшылығы біздің ұйымның жұмысы туралы әлі де жақсы біле бермейді. Дегенмен, қазір Түркі ынтымақтастығы идеясы бүкіл әлемнің назарын өзіне аудара бастады. Түркі өркениеті туралы хабар беретін құнды деректер жер шарының түрлі аймақтары мен құрлықтарынан табылып жатыр", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу