Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

282

Президент олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Фото: Ақорда

"Ақорда" резиденциясында алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының елшісі Ибтиссам Ракха Ахмед Хасан, Сербия Республикасының елшісі Владимир Йовичич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Томас Райзен, Австралия елшісі Джон Уильям Гиринг, Колумбия Республикасының елшісі Эктор Исидро Аренас Нейра, Сирия Араб Республикасының елшісі Башар Джафари тапсырды. Мемлекет басшысы дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанның бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясат ұстанатынына назар аударды.

"Біз барлық елмен, ең алдымен, көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, жақсы қарым-қатынас жасағымыз келеді. Бұл жолдың табысты болатынына сенімдімін. Біз әртүрлі бағытта, соның ішінде экономика, инвестиция салаларында және саяси диалог тұрғысында ықпалдастықты нығайту үшін қолдан келген шараның бәрін жасаймыз. Қазақстан сіздердің халықаралық аренадағы сенімді серіктестеріңіз болатынына сендіргім келеді", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, оларға өз міндеттерін атқару барысында Қазақстан Үкіметі тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ Президент олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу