Тоқаев пен Путин екіжақты ынтымақтастықты талқылады

238

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.  

Тоқаев пен Путин екіжақты ынтымақтастықты талқылады Фото: akorda.kz

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқан ынтымақтастықты сөз етті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытында бірлесіп атқарып жатқан үйлесімді жұмысын жоғары бағалады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін нақтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу