Төбелес кезінде абайсызда досын өлтіріп алған ақтөбелікке сот үкімі шықты

377

Ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Төбелес кезінде абайсызда досын өлтіріп алған ақтөбелікке сот үкімі шықты Фото: Pixabay.com

№2 Ақтөбе қалалық сотында жаппай төбелес кезінде танысына пышақ сұғып алған 20 жастағы жігіт сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға биыл Ақтөбе қаласы Қызылжар тұрғын алабында болды. Іс материалына сүйенсек, жаппай төбелес кезінде сотталушы жараланып, қорғанбаққа жанында жатқан пышақты алған. Сол кезде өз танысына сұғып алды. Қылмыстық іс "Абайсызда қазаға ұшырату" бабымен қаралып, үкім шықты. 

– Сотталушы 2024 жылдың қаңтар айының басында өзінің таныстарымен бірге топ болып басқа елдімекеннің балаларымен сөйлесуге барып, арты төбелеске ұласқан. Төбелес барысында сотталушы жараланып, жерде жатқан пышақты алады. Қорғану мақсатында сермеген кезде өзімен бірге барған танысына сұғып алды. Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініп, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Соттың үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің "Абайсызда қазаға ұшырату" бабымен кәнілі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің пайдасына 6 млн теңге моральдық зиян және 800 мың теңге шығын өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу