"Тобыл" клубының бас бапкері қызметінен кетті

972

Поляк маманы қостанайлық клубтың тізгінін биыл тамызда ұстаған болатын. 

 "Тобыл" клубының бас бапкері қызметінен кетті

Бүгін "Тобыл" футбол клубының бас бапкері Марек Зуб қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Поляк маманы қостанайлық клубтың тізгінін биыл тамызда ұстаған болатын.

"Тобылдың" тізгінде Марек Зуб Қазақстан премьер-лигасында үшінші орын алып, келесі маусымда Еуропа лигасында өнер көрсету құқығына ие болды.

Алайда "Тобыл" клубының басшылығы Марек Зубпен келісімшарттың мерзімі ұзартпады. 

Айта кетейік, Марек Зуб поляк тілінен бөлек, орыс тілін жетік меңгерген. Осы уақытқа дейін ресейлік "Салют-Энергия", "Краснодар", "Спартак-Нальчик", "Салют" (Белгород), "Металлург" (Донецк), "Анжи" (Махачкала) және "Кубань" клубтарын жаттықтырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу