Тобыл өңірінде ауыл шаруашылығына бағытталған 2800 гектар жер тиімсіз пайдаланылған

946

Қостанай облысында ауылшаруашылығына бағытталған жердің тең жартысы мақсатсыз пайдаланылған. Оның көлемі 2800 гектарды құрайды, деп хабарлайды Atameken Business.

Тобыл өңірінде ауыл шаруашылығына бағытталған 2800 гектар жер тиімсіз пайдаланылған

Мамандар биыл 80 тексеріс жүргізіп, 40-қа жуық жерді тиімсіз қолданған деп тапқан. Яғни, әрбір екінші алқап иесі мойнына алған міндетін орындамай келген. Кейбірі игерусіз жатса, енді біріне "мал жаямын" деп егін еккен. Осыған байланысты 4 млн теңге айыппұл салынған.

Жалпы, Қостанай облысы жерді тиімсіз пайдаланғандарды анықтауда көш бастап тұр. Республика бойынша мемлекет меншігіне қайтарылған алқаптардың тең жартысы осы Тобыл өңіріне тиесілі. Соңғы 5 жылда 230 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу