Тобыл өзенін тазарту үшін 44 миллион теңге қажет

1060

Тобыл өзенін тазарту үшін 44 миллион теңге қажет

Келесі жылы Тобыл өзенінің Қостанай шекарасындағы бөлігін тазарту жұмыстары аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облыстық табиғат қорлары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы орынбасары Самат Қалиевтің айтуынша, Тобыл өзені арнасын абаттандыру жұмыстары 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Уақыт өте келе өзен таязданып, демалушыларға ыңғайсыздық тудырған.

"Жағалаудағы қамыстарды шауып жатырмыз. Үкіметтің жоспары бойынша қаражат бөлінеді. Сол ақшаны жеткізу үшін үнеммен жұмыс істелінуде. Грейфер әр метр сайын өзен түбінен балшық аралас қоқысты сүзеді. Тобылдың ластану деңгейін мейлінше төмендету үшін өзенді жағалай орналасатын арнайы суды қорғау аумақтары пайда болады. Оның жобасы дайын тұр. Бұған келесі жылы 44 млн теңге қарастырылған", - деді Қалиев.

Ведомство өкілі мәлімдегендей, осынша қаржыға өзен арнасын тазартуды билік басындағылар бірауыздан құптап отыр. Жиында қаражат мөлшері мен жұмыс көлемін жылма-жыл ұлғайту керектігі айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу