Тобыл өзенінде әкесі қызының соңынан суға батып кетті

342

Қайғылы оқиға 13 тамызда Қостанай ауданындағы Нечаевка ауылының маңында болған.  

Тобыл өзенінде әкесі қызының соңынан суға батып кетті Фото: pixabay.com

Өңірлік ТЖД мәліметінше, ер адам бес баласымен бірге су жағасына барып, шомылуға арналмаған жерде суға түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шомылу кезінде екі қыз суға бата бастаған. Бірі жағаға өз бетінше шықса, екіншісін құтқаруға әкесі ұмтылған. Бірақ әкесі жүзе алмаған соң қызының соңынан суға кеткен.

Ағыс ер адам мен қыздың денесін алып кеткен. Құтқарушылар баланың денесін 13 тамызда кешке қарай тапты. Ал ер адамның денесі келесі күні табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу