Тоғыз адамды сан соқтырған алаяқ қолға түсті

967

Тоғыз адамды сан соқтырған алаяқ қолға түсті

ОҚО полицейлері жыл басынан бері алаяқтықтың 300 фактісін анықтаған. Арасында банктік несиеге қатысты оқиғалар да бар, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Шымкент қаласы Әл Фараби ауданында 30 жастағы алаяқ әйел қолға түсті. Ол адамдардың сеніміне кіріп, несие алып берем деп, ақшасын қалтасына басып, ізін суытып отырған. Тәртіп сақшыларына шағымданған 1977 жылы туған азаматша аталған алаяқтың несие әперем деп, 45 мың теңгесін алып, жоғалып кеткенін айтып арызданған. Дәл осы сарындағы арызбен Әл Фараби полиция бөліміне тағы бірнеше адам шағымданған. Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс қозғалды.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер Сайрам ауданының 1987 жылы туған тұрғыны ұсталды. Тергеу кезінде күдіктінің алаяқтықтың 9 фактісіне қатысы бар екені анықталған. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 500 мың теңгеге жуық. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу