Тоғыз қабатты екі үй қолданысқа берілді

1096

Тоғыз қабатты екі үй қолданысқа берілді

Павлодарда Конституция күні қарсаңында "Сарыарқа" шағын ауданындағы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшыларына арналған екі тоғыз қабатты үй қолданысқа берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ломов көшесі 152/2 және 152/3 мекенжайындағы тоғыз қабатты үйлердің бірінде 54 пәтер(екі бөлмелі – 36, үш бөлмелі - 18) болса, екіншісінде 52 пәтер (екі бөлмелі – 34, үш бөлмелі – 16, төрт бөлмелі - 2) бар.

"Жыл басынан бері өңірде 109 мың шаршы метр пайдалануға берілді, - деді облыс әкімі Болат Бақауов. – Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайызға жоғары. Қала ішінде өткен жылмен салыстырғанда 156 пайызға артық 95 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілді. Осы шағын ауданда аумағы 24 мың шаршы метр болатын 360 пәтерлік үш үй салынуда. Әрине, бар күшін салып, еңбектеніп жатқан құрылысшылардың еңбегін атап өтпеуге болмайды. Барлықтарыңызды қоныс тойымен құттықтаймын".

Еске салайық, 2017 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Сарыарқа" шағын ауданында төрт көпқабатты үйдің құрылысы жүруде. 31,1 мың шаршы метрді құрайтын үйлер 392 пәтерге шақталған. Кезекте тұрғандар үшін 212 пәтер екі үйден бөлінді, қалған 180 пәтер сүрілген үйлердің иелеріне табысталады. Жыл соңына дейін Шөкин көшесі 159/3, Павлов көшесі 95/1, 93/1 мекенжайларындағы көп қабатты үйлер пайдалануға берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу