"Тоғыз мыңнан астам адамның үй алуына мүмкіндік"

601

"Отбасы банк" арқылы тұрғын үй алушыларға төмен пайызды несие беру жалғасады. Бұған алдағы уақытта республика бюджетінен 30 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.  

"Тоғыз мыңнан астам адамның үй алуына мүмкіндік"

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Бұл қаражат 9 373 ел азаматының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді", – деді Ержан Сәрсенбай.

Несиенің жылдық мөлшерлемесі – 5%.

"Жалпы биылғы тоғыз айда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында халыққа тиімді бірнеше әлеуметтік-экономикалық жобалар мақұлданды", – деді Ержан Сәрсенбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу