Тоғыз шенеуніктің үшеуі ғана отставкаға кетті

4078

Биыл қарамағындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық фактісіне іліккен тоғыз шенеуніктің үшеуі ғана отставкаға кетті, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры Ерлан Сапаров ОКҚ брифингінде.

Тоғыз шенеуніктің үшеуі ғана отставкаға кетті

Сапаровтың айтуынша, 2019 жылдың 10 желтоқсанынан бері 264 мемлекеттік қызметкер бағыныштыларының "жемқорлығы" үшін жазаланған. 

Биыл, оның айтуынша, тоғыз ай ішінде тоғыз саяси мемлекеттік қызметші бағыныштылары үшін отставкаға кетуге өтініш жазған, үш жағдайда ғана отставкалары қабылданған, алты жағдайда қабылданбаған. 

"Бірақ отставкасы қабылданбаған алты адамның бесеуі түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Отставканы қабылдамау мен қабылдамаудың өзіндік тәртібі бар. Жоғары тұрған адам отставка орынына тәртіптік жаза тағайындауға құқылы", – деп түсіндірді Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу