Тоғыз жылда 307 спортшы тыйым салынған препарат пайдаланған

1008

Допинг дауының алдын алу үшін допинг қолдануға қарсы заң талабы күшейтіледі. 

Тоғыз жылда 307 спортшы тыйым салынған препарат пайдаланған

Соңғы 10 айда еліміздің 37 спортшысы допингке қарсы ережені бұзған. Бұл туралы сенатта өткен отырыста мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов айтты. 

Басқосуда "Кейбір заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды. Аталмыш құжат допингке қарсы ережелерді сақтамаған спортшыларды тезге салуды және ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін күшейтуді көздейді. 

Вице-министрдің мәлімдеуінше, жыл сайын ұлттық допингке қарсы орталық 3 мың биосынама алады. Соңғы 9 жылда еліміздің 307 спортшысының тыйым салынған препарат пайдаланғаны әшкереленген. 

"Соңғы 10 айда еліміздің 37 спортшысы допингке қарсы ережелерді бұзғаны анықталды. Оларға қарсы нақты әрі қатаң шара қолданылады", – Елдос Рамазанов.

Оның сөзінше, допинг дауының алдын алу үшін елімізде допинг қолдануға қарсы заң талабы күшейтіледі. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу