Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды

854

Аталған жарыстан қай елдердің ойыншылары бақ сынайды?

Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды Фото: Туризм және спорт министрлігі

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ішінде тастары бар тоғызқұмалақтың тақтасы алғаш рет стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

9 қыркүйек күні сағат 09:09-да 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды. 

Қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-шы ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті.

Ерекше айта кететін маңызды жаңалық – тоғызқұмалақ тақтасының ғарыш кеңістігіне шығуы. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді.

Бұл іс-шара үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы тоғызқұмалақ турнирінде 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және араб елдерінен келген 114 қатысушы бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу