Той иелері мобильдік топты желкелеп қуып шықты (Видео)

8396

Қарағанды облысында карантиндік шектеу шараларына қарамастан, той тойлағандар қатары артқан. 

Той иелері мобильдік топты желкелеп қуып шықты (Видео)

Қарағанды қаласының Күнгей ықшам ауданындағы Шолпан Жандарбекова көшесіндегі зәулім үйде той жасалып жатыр деген хабар Сенім 109 телефонына түскен. Оқиға орнына жетіп барған мобильдік топ өкілін місе тұтпаған той иелері оны үй ауласынан күштеп шығарып лақтырып жіберген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. Тіпті мобильдік топ қасында тұрған полиция қызметкерін де итеріп шығарып,  дөрекілік танытқан.

Үй қожайындары мобильдік топты "сендер ешкім емессіңдер " деп тойын әрі қарай жалғастырған. Осыдан кейін екі полиция маманы мен мобильдік топ өкілі полиция жасағын шақырып барып, тойды тоқтатқан. Той иелеріне айыппұл салынған.

Сондай-ақ демалыс күндері мобильдік топ қаланың бірнеше мейрамханасында болып жатқан тойды тарқатқан.  

Арайлым Еркебаева 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу