Қарағандыда той кортежінің 5 көлігі айып тұрағына қойылды

364

Жоспарлы патрульдеу кезінде қаланың орталық көшелерінің бірінде үйлену тойының кортежі анықталды.  

Қарағандыда той кортежінің 5 көлігі айып тұрағына қойылды Фото: polisia.kz

Қарағандыда демалыс күндері өткен мерекелік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылауды күшейтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Күйеу жігіттің ағасы" деген жазулармен безендірілген бес автокөліктің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген.

Тойдың өтіп жатқанына қарамастан, патрульдік полиция қызметкерлері заң талаптарына сәйкес жедел шара қабылдады. Қауіпті маневрлердің жолы кесіліп, құқық бұзушылық жасаған барлық бес автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Жүргізушілер анықталған құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция заң талаптары барлық азамат үшін бірдей екенін еске салады. Ешқандай мерекелік шара немесе өзге де жағдай жол қозғалысы ережелерін елемеуге негіз бола алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу