Той өткізуге рұқсат берілді

1320

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Той өткізуге рұқсат берілді

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында 27 қыркүйектен бастап Ashyq бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен салтанатты, естелік, отбасылық  және тағы басқа іс-шаралады өткізуге рұқсат берілді.

Сондай-ақ отырыста денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендегенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу