Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы үйлену тойында берілген сыйлықтардың құнын өндіру туралы азаматтық істі апелляциялық тәртіпте қарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Талап қоюшы Ә. бұрынғы жұбайы сыйға тартылған 2435 000 теңге көлеміндегі мүлікті қайтармай отырғанын айтып, сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот талапты толық қанағаттандырып, жауапкерден көрсетілген соманы, 100 000 теңге адвокаттық шығынды және 24 350 теңге мемлекеттік бажды өндіру туралы шешім шығарған, – делінген хабарламада.
Апелляциялық сотта тараптар татуласып, дауды медиация арқылы реттеу туралы келісімге келді.
Келісім бойынша:
- талап қоюшы өз талабынан бас тартады;
- жауапкер 14 күн ішінде өзінде сақталған заттардың орнына талап қоюшыға 200 000 теңге төлеуге міндеттенеді.
Сот алқасы медиациялық келісімді бекітіп, істі өндірістен тоқтатты. Бұған қоса, талап қоюшыға алдын ала төленген мемлекеттік баж мемлекеттік бюджеттен қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
Бұған дейін Жамбыл облысында сәлем салмаған келін мен күйеуінің сотта медиация тәртібімен татуласып, ымыраға келгенін жазған болатынбыз.