Той-жиын өткізу толастар емес

899

Жамбыл облысы Талапты ауылының тұрғыны карантинге қарамастан құдалық өткізіп, қызын ұзатқан.

Той-жиын өткізу толастар емес

Жамбыл облысында карантинге қарамастан құдалық өткізіп, қызын ұзатқан 42 жастағы Талапты ауылының тұрғын айыппұл арқалады, деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-бөлігіне сәйкес тәртіп бұзушыға 10 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынған.

Сондай-аө көкпар өткізген Нұрлыкент ауылының 37 жастағы тұрғыны да жазаланды.

"Көкпар тартыс 27 наурызда ауыл тұрғындары арасында өткізілген. Нұрлыкенттік азамат баласының 6 жасқа толған туған күнін осылай тойламақшы болыпты. Тәртіп сақтамаған тұрғын 7 тәулікке қамауға алынды",– деп хабарлайды ІІМ ақпарат көзі.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ескерту немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделгенін еске салады. Төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкіліне бағынбағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабына сәйкес қылмыстық жаза қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу