Тойды тоқтату үшін тойханалардың жанында полиция бекеттері ашылуда

1386

Денсаулық сақтау министрлігі "тойшыл қауымға" қарсы осындай шара қабылдады, деп хабарлайды inbusines.kz.  

Тойды тоқтату үшін тойханалардың жанында полиция бекеттері ашылуда

"Коронавирус індетінің таралу қарқынына қарамастан тұрғындар әлі де карантин режимін елемей келеді. Қазір ауруды жұқтыру деңгейі артқан өңірлерде жергілікті атқарушы органдар қосымша шараларды қабылдауға мәжбүр болып отыр. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында ірі мейрамханалар жанында полиция постары қойылып жатыр. Яғни тойдан кейінгі оның салдарымен күрескенше, оған жол бермеудің қадамдары жасалуда. Осы тектес шаралар Алматыда атқарылып жатыр. Түнгі клубтар маңында да полиция бекеттері қойылады. Адамдардың көптеп жиналуына жол бермеуге мән беріліп жатыр", - деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ОКҚ алаңында.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қазір әр адамда азаматтық ұстаным мен жауапкершілік болуы керек. Себебі тойлардың салдарынан вирустың таралу көрсеткіші артып келеді.

"Эпидемиологиялық ахалды ескере отырып, карантин шешімдерін толықтай орындауға, тойларды өткізбеуге шақырамыз. Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес береміз", - деді комитет басшысы.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу