Тойханалардан ақшасын ала алмай жүргендер не істей алады?

734

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті көмек көрсететілетінін еске салады.

Тойханалардан ақшасын ала алмай жүргендер не істей алады?

Коронавирус инфекциясының таралуы ел азаматтарын әбігерге салды. Кейбірінің шетелде демалмақ болған жоспары бұзылды, енді бірі той-жиынын кейінге шегерді. Осылайша мейрамханалармен, туристік ұйымдармен және т.б. қызмет көрсетуге жасалған келісімшарттарды қайта қарауға тура келді, алдын-ала төлем жасағандары қайтаруды талап етуде.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ақпаратына сүйенсек, мәдени, спорт, ойын-сауық және де туроператорлар мекемелерінің иелері көрсетілмеген қызметтердің ақшасын қайтаруға асығар емес.

"Тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған шарттар тәжірибе көрсеткендей "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұза отырып жасалады. Осыған байланысты, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бірінші кезекте, кәсіпкерлерді тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдар мен жасалған келісімдердің талаптарын сақтауға, қызмет көрсетілмеген жағдайда - тұтынушыларға ақшаны қайтару қажет",– дейді ведомстводан.

Комитет құқығы бұзылған барлық азаматқа кеңес береді.  Ол үшін азаматтар комитеттің аймақтық департаменттеріне жүгіне алады.

"Департамент бөлімшелерінен сотқа дейінгі талап арызды және сот алдындағы талап арызды дайындауға консультативтік көмек көрсетіледі, сонымен қатар, департамент қызметкерлері сотқа үшінші тұлға ретінде қатыса алады",– деп хабарлайды комитет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу