"Тойымсыз Путин" мүсіні аукционға шығарылды

840

Бұл туындыда РФ президентінің Украинаның картасын жұтып жатқаны бейнеленген.

"Тойымсыз Путин" мүсіні аукционға шығарылды

Германия астанасы Берлин қаласында "Тойымсыз Путин" мүсіні аукционға қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Одан түскен қаражат украиналық босқындарға көмек ретінде жіберіледі.

Мүсіннің авторы – неміс иллюстраторы Жак Тилли. Ол саяси-сатиралық мүсіндерді жасаумен айналысады.

Бұл туындысында ол Ресей Федерациясы президентінің Украинаның картасын жұтып жатқанын бейнелеген. Картадағы жазба "Қақалып қал!!!" деп аударылады.

Аукцион жеңімпазы мүсінді уақытша иелене алады немесе Украинаға ақша аудара алады. "Тойымсыз Путинге" кем дегенде 20 мың еуро ұсынғандарды Тилли өз шеберханасына апарып, оларға экскурсия жүргізеді және мүсіннің шағын моделін сыйға тартады.

Табиғат Нұрболат

Фото: grossplastiken.de

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу