Тоқаев 8 маусымда Астана халықаралық форумына қатысады

541

Бұл туралы Inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев 8 маусымда Астана халықаралық форумына қатысады Фото: akorda.kz

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысының қатысумен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні елордада Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы жоғары әскери оқу орнының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырады.

8 маусымда Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді.

"Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында"атты форумға қатысушылар климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік және басқа да мәселелерді талқылайды.

Мәртебелі қонақтардың қатарында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Алисджабана, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және тағы басқалары бар.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу