Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады

451

Бұл туралы Inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің биылғы 5 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы, соның ішінде азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіруге жәрдемдесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Омбудсмен кеңсесі мен оның өңірлердегі өкілдіктері осы уақыт аралығында азаматтардың 2 318 өтінішін қараған.

Артур Ластаевтың айтуынша, жергілікті жердегі жұмысты күшейту үшін Ұлттық превентивті механизм мүшелерінің құрамы жаңарды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл балаларға арналған мекемелердегі қатыгездік әрекеттердің алдын алу мәселесін ерекше назарда ұстайды. Атап айтқанда, Уәкіл осындай мекемелерге 213 рет барып, 800-ден астам ұсыным жасаған. Омбудсменнің бастамасымен азаптау фактілеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіледі. Құқық қорғау органдарына бірқатар арнайы ұсыным берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу