Тоқаев Ақтөбедегі керамогранит және қыш плиталар шығаратын зауытты аралады

364

Президент "Зерде-Керамика Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. 

Тоқаев Ақтөбедегі керамогранит және қыш плиталар шығаратын зауытты аралады Фото: akorda.kz

Индустриалды аймақта орналасқан өндірістік нысанның аумағы – 15 гектар. Зауыт жылына 5 миллион шаршы метр өнім өндіреді, деп жазады inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Зауыттың атқарушы директоры Дәурен Битеміровтің айтуынша, мұнда шығарылатын керамогранит пен қыш плиталар Қазақстанның батыс өңірлерінің сұранысын толығымен өтейді. Сонымен қатар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне де экспортталады.

Өндірістің барлық жұмысы толықтай автоматтандырылған. Бұл зауыттың ерекшелігі саналады. Жүйе италиялық SACMI фирмасының заманауи қондырғысы арқылы басқарылады.

Нысанға 9,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. "Өндірісті дамыту қоры" акционерлік қоғамынан қондырғылар сатып алу үшін мемлекет 7,5 миллион еуро көлемінде несие алуға қолдау көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу