Тоқаев: Апат болған аймақтарда жаңару және жаңғыру жұмыстары басталады

179

Апаттың салдарын жою – жұмыстың бір кезеңі ғана. 

Тоқаев: Апат болған аймақтарда жаңару және жаңғыру жұмыстары басталады Фото: Ақорда

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті. Отырыста Президент еліміздегі су тасқынына байланысты ахуалға тоқталды. Атсалысып жатқандарға және барша қазақстандыққа тағы да алғысын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы жылдары еліміз көптеген сын-қатерді бастан өткеріп жатыр. Мемлекеттік аппарат қиындықтармен күресіп, мол тәжірибе жинақтады. Шыңдала түсті. Қазіргі мемлекеттік қызметшілердің өмірлік сабағы тоқсаныншы жылдардағы тәжірибеден артық болмаса, кем емес. Мен су тасқынымен күресіп жатқан мемлекеттік қызметшілерге, құтқарушыларға және Еріктілерге алғысымды айтамын.

Сондай-ақ күрделі жағдайда мызғымас бірлікте болып, өзара жанашырлық көрсеткен, сабыр мен төзімділік танытқан барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Біз бұл қиындықты міндетті түрде еңсереміз. Мемлекет тарапынан барлық шаруа тиянақты жасалады. Әр қиындықтың қайыры бар.

Апаттың салдарын жою – жұмыстың бір кезеңі ғана. Ең бастысы, апат болған аймақтарда жаңару және жаңғыру жұмыстары басталады. Бұл – өте маңызды шаруа. Сондықтан алдымызда ауқымды жұмыс тұр", - деп сөзін қорытындылады Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу