Тоқаев Арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құру туралы жарлыққа қол қойды

1144

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің Арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құру туралы жарлыққа қол қойды.

Тоқаев Арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құру туралы жарлыққа қол қойды

Жарлыққа 19 қаңтарда қол қойылған, бірақ дүйсенбіде ғана жарияланып отыр.

"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылсын", – делінген құжатта.

Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Қауіпсіздік кеңесіне арнайы операциялар Күштерін құру жөніндегі жұмысты жеделдетуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу