Тоқаев Астананың тұрғындарға қолайлы қала болуы керектігін еске салды

391

Астана – аймақтағы ірі қаржы орталығы.

Тоқаев Астананың тұрғындарға қолайлы қала болуы керектігін еске салды Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Астана – болашағы зор қала. Осы орайда, біз "жасыл қала" идеясын жүзеге асыруға айрықша мән береміз. Елордамыз, ең алдымен, тұрғындарға ыңғайлы қала болуы керек. Астана – аймақтағы ірі қаржы орталығы", - деді ол Астанада өткен бауырлас қалалар форумының салтанатты ашылуында.

Мемлекет басшысы әлемнің 75 елінің 2 мыңнан аса компаниясы бизнес жүргізу үшін Астана халықаралық қаржы орталығын таңдағанын жеткізді. 

"Бүгінде Қаржы орталығы елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартты. Бұл – жақсы көрсеткіш. Әлемдік саясатшылар Астананы бейбітшілік алаңы дейді. Ұстанымы бөлек, мүдделері кереғар елдер осында бітімге келді. Келешекте де Астана біздің геосаяси аймақтағы маңызды орталық ретінде дами бермек", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы елорданы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болғанын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу