Тоқаев балалар БҰҰ-ға шағымдана алатын заңға қол қойды

422

Үшінші Факультативтік хаттама хабарлау рәсіміне қатысты әрбір баланың өз құқықтарын қорғау құқығын мақұлдайды. 

Тоқаев балалар БҰҰ-ға шағымдана алатын заңға қол қойды Фото: inbusiness.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев хабарламалар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттама ратификацияланған заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Хабарлама рәсіміне қатысты Үшінші Факультативтік хаттама әрбір баланың Бала құқықтары туралы конвенцияда және оның екі Факультативтік хаттамасында көзделген құқықтарын қорғау құқығын таниды. Оның біріншісі – балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына қатысты болса, екіншісі – бала саудасына, балалар жезөкшелігіне және балалар порнографиясына байланысты.

"Балалар мен ата-аналар БҰҰ комитетіне ішкі құқықтық қорғау құралдары таусылған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей барлық қолжетімді ішкі құқықтық қорғау құралдарын, оның ішінде ұлттық деңгейде сот тәртібімен сарқып алған жағдайда жүгіне алады.

Өз кезегінде комитет әрбір істі қарайды және қатысушы мемлекеттерге нақты ұсыныстарды қамтитын шешімдер қабылдайды", –  делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу