Қасым-Жомарт Тоқаев билік өкілдерін жұртшылықпен тығыз байланыста болуға шақырды

182

Халықтың пікіріне құлақ асуы, ең бастысы, жедел және дұрыс шешім қабылдауға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев билік өкілдерін жұртшылықпен тығыз байланыста болуға шақырды

Бұқаралық ақпарат құралдары және өздерін блогер санайтын кейбір азаматтар табиғат апатына қатысты дүрбелең тудырып байбалам салу, билікті орынсыз айыптау қоғамды ортақ іске ұйыстыруға бөгет болатынын, мемлекеттік органдар ахуалды уысынан шығарып алды деген жалған ұғым қалыптастыратынын түсінуге тиіс.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты ХХХІІІ сессиясында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан билік осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарға заң жүзінде шара қолданады.

Сонымен бірге барлық деңгейдегі билік өкілдері жұртшылықпен, әсіресе, беделді әрі жауапкершілігі жоғары белсенді азаматтармен тығыз байланыста болуы керек. Халықтың пікіріне құлақ асуы, ең бастысы, жедел және дұрыс шешім қабылдауға тиіс", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу