Сондай-ақ Президент "Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы тағы "1999 жылғы 8 қазандағы Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң және кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы", "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.
Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.