Тоқаев бірнеше судьяны лауазымынан босатты

706

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана, Алматы және екі облыстың сотында кадрлық өзгерістер жасалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz KazTag агенттігіне сілтеме жасап.

Тоқаев бірнеше судьяны лауазымынан босатты

"Алматы бойынша: Бостандық ауданының №2 аудандық сотының судьясы – Сырлыбаев Қанат Қадырұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметінен босату қажет екені туралы Сот алқасының шешімі бойынша;

Қызылорда облысы бойынша: Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы – Бекмамбетов Ғалымжан Вахитұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босату туралы сот алқасының шешімімен лауазымынан босатылсын", – делінген Президент Жарлығында.

Қостанай облыстық сотының төрағасы – Смолин Анатолий Сергеевич отставкаға кетуіне байланысты;

Астана қаласы Кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы – Кабиденова Динара Хакимовна басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымдарынан босатылды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы – Қыдырбек Қорғанбекұлы Әлхожаев қайтыс болуына байланысты, лауазымы босатылды.

"Астана қаласы бойынша: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – Марлен Малимгерейұлы Бекетов;

Ақтөбе облысы бойынша: Ақтөбе қаласы соты – Марал Мырзахметқызы Омарова судья лауазымына тағайындалсын", – делінген Тоқаевтың Жарлығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу