Тоқаев "Бизнестің жол картасы" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын біріктіруді тапсырды

483

Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керек.

Тоқаев "Бизнестің жол картасы" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын біріктіруді тапсырды Фото: inbusiness.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастағанын атап өтті. 

"Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны "қолмен көтеруге" тура келеді. Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда "қолайлы". Үкімет шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керек", - деді ол. 

Президенттің сөзінше, ел нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Бұдан бөлек оларға қолдау көрсетіп, мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек екенін де айтты.

"Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет. "Бизнестің жол картасы" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын біріктірген жөн. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу