Тоқаев Чех Республикасының Президенті Петр Павелге көңіл айту жеделхатын жолдады

348

"Зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдіремін".

Тоқаев Чех Республикасының Президенті Петр Павелге көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Прага қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Чех Республикасының Президенті Петр Павелге көңіл айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Прага қаласындағы Карлов университетінде болған жантүршігерлік қарулы шабуыл салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте Чехия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын, ал зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу