Тоқаев Димаш Құдайбергенге тазы күшігін сыйлады

672

Тазыға “Ғарышкер” деген ат берілді. 

Тоқаев Димаш Құдайбергенге тазы күшігін сыйлады Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйға берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қуанышты жаңалық туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

“Достар, танысып қойыңыздар, бұл - менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған "Жеті қазынаның" бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді”, - деп жазды әнші. 

Ол ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көргендігін еске салды. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді, деп атап өтті Димаш Құдайберген.

"Тазы" атауы парсы тілінен енген, мағынасы - "шапшаң", "епті". 

Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын!”, - деп жазды отандық орындаушы.

Димаш Құдайберген тазының атын “Ғарышкер” деп атағанын да жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу