Елбасы бұл қызметке Еркін Тұқымовты тағайындады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды", – деп жазылған Жарлықта.
48 жастағы Еркін Валитханұлы Тұқымов саяси ғылымдардың кандидаты, "Сыртқы істер министрлігінің II сыныпты кеңесшісі" дипломатиялық дәрежесі бар. Осы тағайындауға дейін ол Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы қызметін атқарған.