Тоқаев Екібастұздағы ЖЭО туралы: Барлық жоспар толық көлемде іске асырылуы тиіс

1145

Мемлекет басшысы былтырғы жағдайдың қайталануына жол берілмейтінін жеткізді. 

Тоқаев Екібастұздағы ЖЭО туралы: Барлық жоспар толық көлемде іске асырылуы тиіс Фото: Turkystan.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте мәлімдеді.

"Екібастұз энергия торабын жаңғырту – басым міндет. Үкімет пен әкімдік ГРЭС-1 бірінші энергоблогын уақтылы іске қосуды және екі жаңа ГРЭС-2 блогын салуды қамтамасыз етуі қажет”, - деді ол.

Мемлекет басшысы бұл республикалық ауқымдағы жобалар екенін атап өтті.

“Екібастұз ЖЭО-ны жаңғыртуға және келесі жылыту маусымына дайындыққа келетін болсақ, барлық жоспар толық көлемде және тиісті мерзімде іске асырылуы тиіс. Былтырғы дағдарыстық жағдайдың қайталануына жол берілмейді", - деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу