Тоқаев ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады

535

Бұл туралы Inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламент Ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.

Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Сондай-ақ ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты.

Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясы негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациялану барысын ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді.

Кездесу барысында Астана халықаралық форумындағы (AIF), сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу