Тоқаев Ердоғанға алғыс айтты

656

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Түркия басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының мәртебесін көтеруге үлкен үлес қосты. 

Тоқаев Ердоғанға алғыс айтты Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде сөйлеген сөзінде Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға алғыс білдірді,  деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біздің бірлігіміз жыл өткен сайын нығайып келеді. Соның арқасында Түркі әлемінің халықаралық аренадағы саяси салмағы едәуір артты. Түркия Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Режеп Тайип Ердоған бір жыл бойы Түркі мемлекеттері ұйымының төрағасы міндетін атқарды. Осы уақыт ішінде ұйымның мәртебесін көтеріп, ықпалын нығайтуға зор үлес қосты. Сол үшін бауырым – Режеп мырзаға алғыс айтамын. Республика атанғанына келесі жылы бір ғасыр болатын бауырлас Түркия елі өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін. Осы орайда, мен құрметті Режеп бейді "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттау туралы бастама көтердім. Бұл ұсынысым бірауыздан қолдау тапты", - деді ол.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу