Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтағы өзекті мәселені көтерді

720

ЕАЭО-да бірлескен ірі жобалардың тапшылығы бар. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтағы өзекті мәселені көтерді

Оның айтуынша, Одаққа мүше мемлекеттер 2025 жылға дейінгі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың бағдарламалық бағытын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдаған.

"Бұл бағытта Ресей Федерациясымен жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы 2 жылда бірқатар ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылды. Мысалы, "Лукойлмен" бірлескен жанар-жағармай материалдарын өндіру зауыты, "КамАЗбен" бірге автомобиль бөлшектерін өндіру бойынша екі жоба, "Татнефтьпен" бірге шиналар өндіретін зауыт және басқа да бірқатар маңызды жоба бар", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, одақ елдері арасында өнеркәсіптік ынтымақтастықтың әлеуеті әлі ашылмаған.

"Ірі және өзекті инвестициялық жобалардың тапшылығы бар. Үкіметтерге интеграциялық өзара іс-қимылдың осы векторын күшейтуді тапсырған дұрыс деп санаймын", – деді Президент.

Дәурен Ерболат


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу