Тоқаев Еуропа елдерінде болған Құранды өртеу актілеріне қатысты пікір білдірді

642

Қазақстан Президенті мұны халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп санайды.

Тоқаев  Еуропа елдерінде болған Құранды өртеу актілеріне қатысты пікір білдірді Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

"Қазақстан – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізуге бастамашы болған мемлекет. Бұл форум дәстүрлі діндер мен конфессиялардың көрнекті өкілдері арасындағы тиімді әрі табысты диалог алаңына айналды", делінген Ақорда мәліметінде.

Президенттің пікірінше, жиілеп кеткен діни вандализм мен аталған елдер азаматтарының жауапсыз әрекеті мемлекеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне кері әсерін тигізеді. Бұл жалпыға ортақ нормаларға қайшы келетін акциялар ретінде бірауыздан айыпталуға тиіс. 

"БҰҰ Бас Ассамблеясы да бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын білдіруі керек", деді Президент.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері Құранды өртеу мәселесіне қатысты отырыс өткізетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу