ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президенті Хорст Кёлермен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында тараптар келер жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясына дайындық барысын, Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" жобасы аясындағы ықпалдастық шараларын, сондай-ақ, әлемдегі саяси ахуалды талқылады.
Мемлекет басшысы Қазақстанда қолға алынған жаңа стратегиялық бағдарламалар жайында және өзінің Сайлауалды тұғырнамасында айтылған сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидаттарының іске асырылуы туралы айтты.